2018 жылғы 24 сәуіріде Тұңғыш Президент кітапханасы музейінің ғимаратында «Тәуелсіздік бастауында» тақырыптық экскурсиясы өтті. Менеджмент және бизнес колледжінің студенттері Қазақстан мен оның халқы қандай жолмен өткенін, қандай қиындықтар мен қайғылы жағдайларды бастан өткергені туралы егжей-тегжейлі білді. Семей ядролық полигонының жабылуына, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына және Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған бөлімдер балаларға эмоционалдық тұрғыда ерекше әсер еткенін атап өткен жөн. Студенттердің бірі мұндай көрмелер жас ұрпақ үшін өте маңызды және қажет екенін атап өтті.
