2019 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 8581 адам келді, келушілерге жалпы 223 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 112 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 3203 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 111 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 5378 адамды құрады.
Келушілердің едәуір бөлігін мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері, әскери қызметкерлер, сондай-ақ Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан, жақын және алыс шетелдерден келген қонақтар құрады.
Елорданың №83 мектеп-гимназиясының, генерал С. Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебінің, № 77 мектеп-гимназиясы және № 78 мектеп-лицейінің оқушыларына Отан қорғаушылар күніне арналған экскурсиялар өткізілді.

