Сәуір 2019

2019 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 9439 адам келді, келушілерге жалпы 252 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 125 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 3590 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 127 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 5849 адамды құрады.

Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері құрады.

Елбасы кітапханасының экспозицияларын «Идеядан – шынайы болмысқа: Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық бастамасына 25 жыл» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушылары, Санкт-Петербург театр және музыка музейінің қорынан ұйымдастырылған «Блокадалық виолончель» көрмесінің қонақтары тамашалады.