Наурыз 2019

2019 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 11155 адам келді, келушілерге жалпы 308 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 150 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 4365 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 158 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 6791 адамды құрады.

Келушілердің басым бөлігін Астана қаласының тұрғындары мен Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан елордаға келген қонақтар, мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келген туристер құрады.

Қазақстанға сапары аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының кітапханасына Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Андрей Фурсенко келді. Экскурсия барысында қонақтар музей жәдігерлерімен, сонымен қатар Назарбаев орталығының интерактивті білім беру технологиясының заманауи мүмкіндіктерімен танысты.