2019 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 6966 адам келді, келушілерге жалпы 204 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 105 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 2663 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 99 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 4303 адамды құрады.
Келушілердің негізгі бөлігін қала тұрғындары, мектеп, лицей оқушылары, колледж және ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер, сондай-ақ астанаға Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан, жақын және алыс шетелдерден келген қонақтар құрады.
Қазақстанға ресми сапары аясында «Назарбаев орталығы» ғимаратына Зимбабве Президенті Эммерсон Мнангагва келді, оның барысында ол Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өмірбаяны мен жұмысына арналған экспозициямен танысты. Сонымен қатар мәртебелі мейман «Н.Назарбаев - жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» экспозициясын және «Әлем таныған елбасы» фотогалереясын аралап көрді.



