2018 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 10268 адам келді, келушілерге жалпы 278 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 145 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 4569 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 133 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 5699 адамды құрады.
Келушілердің негізгі бөлігін қала тұрғындары, мектеп, лицей оқушылары, колледж және университет студенттері, әскери қызметкерлер, сондай-ақ елордаға Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан, жақын және алыс шетелдерден келген қонақтар құрады.
Елордалық мектеп оқушыларына «Қазақстанның Олимпиадалық қозғалысы» квест-экскурсиясы өткізілді.
РФ, Корея мен Италиядан келген туристерге «ҚР Президентінің Резиденциясы бойынша тур» өткізілді.



