Қараша 2018

2018 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 12664 адам келді, келушілерге жалпы 343 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 184 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 5666 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 159 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 6998 адамды құрады.

Келушілердің негізгі бөлігі елордалық мектептер, колледждер мен университеттердің студенттері, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің (балабақшалардың, даму орталықтарының) тәрбиеленушілері болды. Келушілер арасында Ресейден, Қытайдан, Германиядан және Оңтүстік Кореядан келген туристер көп.

«Астана клубының» отырысына қатысу аясында Елбасы «Назарбаев орталығы» ғимаратындағы жаңа экспозициялар – мультимедиялық, интерактивті «Н. Назарбаев - жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» және «Әлем таныған елбасы »фотокөрмесімен танысты.

Жаңа экспозициялармен танысу барысында Елбасы екі күндік «Рухани жанғыру: болашаққа бастар жол» атты екі күндік семинардың бағдарламасы аясында Тұңғыш Президент кітапханасына келген Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетінің студенттерімен кездесті.