Қазан 2018

2018 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 9111 адам келді, келушілерге жалпы 253 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 132 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 3988 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 121 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 5123 адамды құрады.

Келушілердің негізгі бөлігі орта, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының студенттері, әскери қызметкерлер, қала тұрғындары, сондай-ақ елордаға Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан, жақын және алыс шетелдерден келген қонақтар болды.

Шетелдік туристердің көпшілігі Ресей мен Қытай азаматтары.