2016 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде 10539 адам болды. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп, лицейлер оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, астанамызға еліміздің әр аймақтары мен алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.
Астана қаласының мектеп оқушылары, колледждері мен ЖОО студенттеріне, сонымен қатар тұрғындары мен қонақтарына «Лев Дашкевичтің фотосуреттері. Жарық пен көлеңке» уақытша көрмесі бойынша, «Тұран» колледжі студенттеріне «Тәуелсіз Қазақстан» тұрақты экспозициясы бойынша тақырыптық экскурсиялар өткізілді.
Музей экспозицияларымен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания Үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысына қатысушылар: Иордан Хашимит Корольдігі премьер-министрінің орынбасары – Индустрия, сауда және жабдықтау министрі Др. Джауат әл-Анани, Иордания Ауылшаруашылық министрлігінің бас хатшысы Др. Ради А. Тараун, «Hong Kong TVB» Гонконг ұлттық телеарнасының тілшілері; Беларусь Республикасы Ұлттық тарихи музейінің жетекші ғылыми қызметкері Н.В. Мартынова; Краков қ. поляк діни қызметшілері; Украина Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант И.В. Павловский; Қазақ радиосының 95-жылдығына арналған «Халықаралық байланыстар орнатудағы ұлттық радионың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар; Ғылым, технология және инновация мәселелері бойынша Азия парламентаралық форумына қатысушы Индонезия Ұлттық Конгресінің мүшелері, сонымен қатар АҚШ, Сингапур, РФ, Германия, Жапония, Үндістан, Канада, Норвегиядан келген туристтер танысты.
Қонақтар өздерінің ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін пікір-тілек кітабына қалдырды.
|
|
|
|
|
|
|
|