Қазан 2016

2016 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде 7996 адам болды. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп, лицейлер оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, зейнеткерлер, әскери қызметкерлер және астанамызға еліміздің әр аймақтары мен алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.

Астана қаласы мектептерінің оқушыларына және колледждер мен ЖОО студенттеріне Музейдің тұрақты экспозициялары: «Тәуелсіз Қазақстан», «Қару-жарақтар коллекциясы» және «Лев Дашкевичтің фотосуреттері. Жарық пен көлеңке» уақытша көрмесі бойынша тақырыптық экскурсиялар өткізілді.

Музей экспозицияларымен Қазақстандағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі А.И. Ничкасов, Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристиан Камилл, Беларусь Республикасының Қарулы Күштері Бас штабының орынбасары П.В. Тихонов, Финляндия Қорғаныс Министрлігі делегациясы, Питсбург университеті Медициналық орталығының резидентурасы бағдарламасының дирекциясы (АҚШ), Халықаралық аккредитациялық комиссия мүшелері (Эстония) және Оңтүстік Корея, Италия, Түркия, АҚШ, Германия, Франция, Малайзиядан келген туристер танысты. «Хабар» телеарнасына  Музей залдары бойынша сұхбат-экскурсия өткізілді.

Қонақтар өздерінің ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін пікір-тілек кітабына қалдырды.