Желтоқсан 2016

2016 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде 20 902 адам болды. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп оқушылары, колледждер және ЖОО студенттері, еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер, әскери қызметкерлер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында астанамызға еліміздің әр аймақтары мен алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.

Музей экспозицияларымен ҚР-ғы АҚШ Елшілігі саяси бөлімінің басшысы Нинг-Чуан Джу; ҚР-ғы Индонезия Елшілігінің қызметкерлері; Халықаралық эпизоотикалық бюроның Беларусь, Украина, РФ, Бельгия, Польшадан келген өкілдері; ТМД елдері, Франция, Бельгия, Нидерланды Прокуратура органдарының қызметкерлері және РФ, Австралия, Жапония, Франция, Корея, Сингапур, Италия, Ираннан келген туристер танысты.

«Хабар» және «Қазақстан» телеарналарына Музейдің жаңа экспозициялары және «Тарихи таңдау. Стратегиялар» көрмесі бойынша, сонымен қатар «ВВС» Британ радиохабар тарату корпорациясының тілшілеріне Музей залдары бойынша сұхбат-экскурсиялар өткізілді.