Қараша 2016

2016 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде 10 060 адам болды. Келушілердің басым бөлігін Астана тұрғындары мен қонақтары, зейнеткерлер, еңбек ардагерлері, әскерилер, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстанның әр түпкірінен астанамызға келген туристер, сонымен қатар алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады. Музейіміздің ең жас келушілерінің қатарында Астана қ. балабақшаларының тәрбиеленушілері болды.

   Музей экспозицияларымен танысқан қонақтар қатарында: Астана қаласының әкімі Ә.Ө. Исекешев, белгілі швед суретшісі Туве Крабо, XIX «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне қатысушылар, Түмен, Барнаул, Уфа, Санкт-Петербург, Мәскеу қ. балалар шығармашылық ұжымдары, Республикалық жастар форумына қатысушылар, сонымен қатар Грекия, Сингапур, АҚШ, ҚХР, Франция, Словения, Австралия, Ұлыбритания, Бельгия, Нидерландыдан келген туристер болды.