2016 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде 11861 адам болды. Келушілердің басым бөлігін Астана тұрғындары мен қонақтары, зейнеткерлер, әскери қызметкерлер, еңбек ардагерлері, алыс және таяу шетелдерден келген туристтер, сонымен қатар Конституция күніне орай Қазақстанның әр түпкірінен келген қонақтар құрады.
Музей экспозицияларымен: Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моджтаба Дамирчилу; ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары Мухаммад Наим Хан; Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Сингапур бизнес-компанияларының өкілдері; Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясына қатысушылар; ИИР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Конституция Күніне арналған «Конституция – қоғам мен мемлекеттің серпінді және тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушы Армения, Германия, Иордания, Молдова, Қырғызстан, Ресей, Сербия, Түркия Конституциялық кеңестерінің өкілдері; Инчеон Ұлттық университетінің студенттері (Оңтүстік Корея), сонымен қатар АҚШ, Франция, Германия, Малайзиядан келген туристтер танысты. Өздерінің ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін қонақтар пікір-тілек кітабына қалдырды.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|