Шілде 2016

2016 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде 12 659 адам болды. Келушілердің басым бөлігін еліміздің өңірлерінен келген қонақтар, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, шетелдік туристтер құрды. Осы кезеңдегі барынша жиі келушілер – Астана қ. мен өңірлердегі жазғы лагерь демалушылары болды.

    Музейдің тұрақты экспозициялары және уақытша көрмелерімен жоғарыда аталған музей келушілерімен қатар, ОҚО Мақтарал ауданы Әжелер алқасының төрайымдары мен мүшелері, Астана қаласының күніне орай өткен Халықаралық биенналеге қатысушылар, Британ саяхатшысы Томас Аткинсонның ұрпақтары танысты. «24KZ» телеарнасы үшін Мәжіліс залы экспозициясы бойынша экскурсия-сұхбат өткізілді. Қонақтар алған әсерлері мен жылы лебіздерін пікір-тілек кітабында қалдырды.