2016 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде 14 181 адам болды. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары мен Қазақстанның әр өңірлерінен келген қонақтар, әскери қызметкерлер, зейнеткерлер, еңбек ардагерлері, астанамызға алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады. Музейдің осы маусымдағы тұрақты келушілері қатарында қаламыздың мектеп жанындағы лагерьлерінің балалары болды.
Музей экспозицияларымен Түркия Әскери Академиясының курсанттары, ИИР Парламентінің бірінші вице-спикері Мухаммад Хасан Абу-Тураби, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының XV отырысына қатысушылар, Түркия Есеп соты төрағасының орынбасары М. Өзқан, «KADEX-2016» IV халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүліктер көрмесіне қатысушы Қытай, Словакия, Иран, Палестина және Иордания, Беларусь Республикасының қорғаныс саласы өкілдері, Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі А.А. Равков, Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабата, Пәкістан Республикасы Қорғаныс өнеркәсібінің министрі Р.Т. Хусейн, ҚХР Коммунистік Партиясы ОК Халықаралық бөлімінің жетекшісі Сун Тао танысты. «Қазақ ТВ» телеарнасына Музей залдары бойынша сұхбат-экскурсия өткізілді. Өздерінің ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін қонақтар пікір-тілек кітабына қалдырды.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|