Мамыр 2016

2016 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде  9108 адам болды. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп, лицейлер оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, зейнеткерлер, еңбек ардагерлері, сонымен қатар Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне орай Қазақстанның әр түпкірінен келген қонақтар құрады.

      Астана қаласының мектеп оқушылары, колледждері мен ЖОО студенттеріне, қала тұрғындары мен қонақтарына және ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлеріне «Күнделікті өмір бейнелері» уақытша көрмесі бойынша тақырыптық экскурсиялар өткізілді.

      Музей экспозицияларымен Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) Президенті Чинг-Куо ВуШвеция Корольдігі Риксдагының депутаты, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті Кент Харстедт, Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьен жұбайымен, «Исаакий Соборы» ММЕ және  Санкт-Петербург қ. Концерттік хорының (Смольный соборының камералық хоры) ұжымы, «BI Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының XI Республикалық фестиваліне қатысушылар, ҚР Қорғаныс министрлігі ӘӘК қызметкерлері, Астана қ. ІІД жас қызметкерлері, «Жас қанат 2016» республикалық байқауына қатысушылар, сонымен қатар Венгрия, РФ, Корея, Эстония, Малайзия, Италия, АҚШ, Норвегиядан келген туристер танысты. Музей жайлы өздерінің ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін қонақтар пікір-тілек кітабында қалдырды.