Сәуір 2016

   2016 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде  8172 адам болды. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп, лицейлер оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер, зейнеткерлер, еңбек ардагерлері және астанамызға еліміздің әр аймақтары мен алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.

      Музей экспозицияларымен Литва Республикасының Шаруашылық министрі Эвалдас Густас, Беларусь Республикасының ІІМ Ішкі әскері қолбасшысының орынбасары – полковник О.В. Маткин, Корея Республикасы Әділет министрлігінің өкілдері, Кембридж профессорлары және ҚХР, РФ, Үндістан, Франция, Италия, Норвегиядан келген туристер танысты. Қонақтар Музейден алған әсерлері мен жылы лебіздерін пікір-тілек кітабына қалдырды.