Наурыз 2016

    2016 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде  8060 адам болды. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп, лицейлер оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер және Наурыз мерекесіне орай астанамызға Қазақстанның әр өңірінен, сонымен қатар алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.

      Астана қаласының мектеп оқушылары, колледждері мен ЖОО студенттеріне, сонымен қатар тұрғындары мен қонақтарына «Сұлулық желісі» уақытша көрмесі бойынша тақырыптық экскурсиялар өткізілді. Әскери полиция мамандарын даярлау орталығының қызметкерлері «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» және «ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің жинағындағы қару-жарақтар коллекциясы» атты көшпелі экскурсияларын тыңдады.

      Музей экспозицияларымен: «Танцевальная фиеста» Халықаралық хореографиялық өнер байқауының қатысушылары: Асбест қ., Екатеринбург қ., Қорған қ., Омбы қ. балалар би ұжымдары; Ауғанстан, Тәжікстан, Монғолия және ҚХР студенттері; ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына ТМД елдерінен келген халықаралық бақылаушылар; Татарстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Э.С. Губайдуллин; «Минченко GR Консалтинг. Международный институт политической экспертизы» холдингі президенті Е.Н. Минченко; РФ Федералды кеден қызметінің өкілдері, сонымен қатар Швеция, Малайзия, Испания, Италиядан келген туристер танысты.