Ақпан 2016

2016 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде  7670 адам болды. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп, лицейлер оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер және астанамызға еліміздің әр аймақтары мен алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.

Астана қаласы мектептерінің оқушылары және колледждер студенттеріне Музейдің тұрақты экспозициялары бойынша «Атамекен», «Қару-жарақтар коллекциясы» атты тақырыптық экскурсиялар өткізілді. № 45 «Самұрық» балабақшасының тәрбиеленушілері «Атамекен» экспозициясы бойынша көшпелі экскурсия тыңдады.

Музей экспозицияларымен Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Германия, Малайзия, Индонезия, Венгрия, ҚХР, Испаниядан келген қонақтар танысты.

ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде өткен Олимпиадалық спорт күні аясында құрметті қонақтар қатарында ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің өкілдері және 1996 жылғы Олимпиада Ойындарының чемпионы Юрий Мельниченко болды. Қонақтар өздерінің ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін пікір-тілек кітабына қалдырды.