2016 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде 8401 адам болды. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп, лицейлер оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер және астанамызға еліміздің әр аймақтары мен алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.
Астана қаласының мектеп оқушылары, колледждері мен ЖОО студенттеріне, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарына «Тарихи таңдау. Ұмтылыс» және «Уақыт құдыреті» уақытша көрмелері бойынша тақырыптық экскурсиялар өткізілді.
Музей экспозицияларымен Үндістан, Малайзия, Сингапур ЖОО-ның профессорлары мен студенттері, «Рождество жұлдыздары» халықаралық балалар байқауының қатысушылары, "Феерия" халықаралық музыкалық фестиваль-байқауына қатысушы Орал, Қорған, Омбы, Тверь қалаларының балалар халық аспаптар оркестрлерінің ұжымдары, сонымен қатар Германия, Малайзия, АҚШ, Чехиядан келген қонақтар танысты. «24KZ», «Еуразия бірінші арнасы» телеарналарына және «Стан KZ» ақпараттық порталына «Уақыт құдыреті» көрмесі бойынша сұхбат-экскурсиялар өткізілді.
|
|
|
|