2017 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейіне 4 367 адам келді. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер және елордамызға еліміздің әр аймақтарынан, алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.
Астана қаласының мектеп оқушылары, колледждері мен ЖОО студенттері, сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары «Өзіңе жол табу» және «Туған жер» уақытша көрмелері бойынша тақырыптық экскурсиялар тыңдады.
Өзбекстан, ҚХР, РФ, Ұлыбританиядан келген туристік топтарға, Үнді мәдениет орталығының қызметкерлеріне, Мемлекеттік Күзет қызметінің мамандарына «ҚР Президентінің Астана қ. алғашқы резиденциясы» экскурсиялық туры өткізілді.
Музей экспозицияларымен: Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары; Орталық әскери клиникалық госпиталь емделушілері; Қазақстан Республикасындағы Латвия Елшілігінің қонақтары; Қазақстан Республикасындағы Швейцария Елшілігінің қызметкерлері; ҚР Парламент депутаттары; ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божко, «Доксштейн» ТА (ГФР) журналистері; ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары, сонымен қатар, Малайзия, Франция, Ұлыбритания, РФ, Әзірбайжан, Венгриядан келген туристер танысты.
|
|
|
|
|
|