2017 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейіне 6 411 адам келді. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп, лицейлер оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер және Наурыз мерекесіне орай астанамызға Қазақстанның әр өңірінен, сонымен қатар алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.
Астана қаласының мектеп оқушылары, колледждері мен ЖОО студенттеріне, сонымен қатар тұрғындары мен қонақтарына «Қазақстан және БҰҰ: бейбітшілік үшін әріптестік», «Олимпиадалық қозғалыс», «Art Sapar I/Astana» уақытша көрмелері бойынша тақырыптық экскурсиялар өткізілді.
Музей экспозицияларымен: ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен өткен «Әлеуметтік әріптестік және кәсіподақтардың тұтқалы рөлі» семинарына қатысушы – Алматы облысының білім саласы мамандары; ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ қызметкерлері; Олимпиада чемпиондары: Ж.Үшкемпіров, Б.Артаев, Г.Манюрова; ҚР ҰОК Бас хатшысы Д.Р. Абылғазин; ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Н. Ашықбаев; Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстан және Орталық Азиядағы Миссиясының басшысы – Деян Кесерович; Оңтүстік Корея премьер-министрінің орынбасары, Білім министрі Ли Чжун Сик; ҚР ҰОК 25 жылдығына арналған іс-шараға қатысушы – Халықаралық Олимпиада Комитетінің мүшелері, Корей Республикасы Ұлттық Музейінің қызметкерлері; «Король Фейсал қорының» өкілдері; «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының Одағы ҚБ, сонымен қатар Грекия, Сингапур, АҚШ, Франция, Словения, Австралия, Ұлыбритания, ҚХР және Бельгиядан келген туристер танысты.
Қонақтар өздерінің ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін пікір-тілек кітабына қалдырды.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|