Сәуір 2017

2017 жылдың сәуір айында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы» ММ Музейінің ғимаратына 7 354 адам келді. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп, лицейлер оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер, зейнеткерлер, еңбек ардагерлері және астанамызға еліміздің әр аймақтары мен алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.

Астана қаласының мектеп оқушылары, колледждері мен ЖОО студенттеріне, сонымен қатар тұрғындары мен қонақтарына «Қазақстан және БҰҰ: бейбітшілік үшін әріптестік», «Суреттерде бейнеленген тағдырлар», «Петриков жазуы – адамзаттың  материалдық емес мәдени мұрасы» уақытша көрмелері бойынша тақырыптық экскурсиялар жүргізілді.

ҚР Қарулы күштері Әскери-патриоттық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында Музей және Кітапхана экспозициялары бойынша көрсетілім экскурсиялары жүргізілді.

 

Музей экспозицияларымен Бішкек қалалық кеңесінің төрағасы Қ.Б. Мұзұралиев, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» ҚБ», Украина елшілігінің қызметкерлері, Петриков өрнегінің шебері Г. Назаренко, Астана қ. ІІД қызметкерлері, «Астана ЭКСПО-2017» ІІІ Халықаралық туристік конференция қатысушылары, ҚХР Туризм жөніндегі мемлекеттік басқармасының Мәскеу қ. өкілдігінің қызметкерлері, сонымен қатар РФ, Чили, Португалия, ҚХР, АҚШ, Сингапурдан келген туристер танысты. Қонақтар Музейден алған әсерлері мен жылы лебіздерін пікір-тілек кітабына қалдырды.