2015 жылдың 25 ақпанында «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия» кешенінің оқушыларына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейінің Күміс залында «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклы бойынша «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында экскурсия сабағы өткізілді.
|
|
|
ҚР ТПМ Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Ж.Н. Молдабекова оқушыларды Музейдің бірегей коллекциялары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларымен таныстырды. Қазақстан Президентінің жоғары мемлекеттік наградалары оның халықаралық қызметіне, интеграциялық бастамаларына берілген жоғары баға мен еліміздің жеткен жетістігінің кеңінен танылғандығына дәлел бола алады.
Сабақ барысында оқушылар наградалардың пайда болу тарихымен танысып, әр елдің жоғары наградаларының ерекшеліктерін меңгерді.