«Алаш» қозғалысы және XX ғасыр басындағы ұлттық идея» дәрісі өткізілді

2016 жылдың 17 наурызында Еуразия гуманитарлық институты мен Көлік және коммуникация колледжінің студенттеріне «Алаш» қозғалысы және XX ғасыр басындағы ұлттық идея» дәрісі өткізілді.

      Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов ұлттық идеяның рөлі туралы әңгімелеп берді. Ғалым өз сөзінде «Мәңгілік ел» ұғымын аша отырып, ұлттық идеяның негізінде халықтың бірлігі мен қоғамның болашағы жатқанын атап өтті.

      Дәріс барысында музейлік жәдігерлер, фото- және бейнеқұжаттар көрсетілді.