«Еуразия рухани бірлігі: тарихы және кезеңдері» дәрісі өткізілді

2016 жылдың 16, 17 наурызында С. Сейфуллин атындағы Агротехникалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, «Қаржы академиясы» АҚ колледжі және Басқару колледжінің студентттеріне «Еуразия рухани бірлігі: тарихы және кезеңдері» дәрісі өткізілді.


 

      Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов еуразиялық рухани интеграцияның болашағы мен осы бірігу үрдісіндегі Қазақстанның рөлі туралы айтып берді.


 

      Дәріс барысында музейлік жәдігерлер, фото- және бейнеқұжаттар көрсетілді.