2017 жылы 3 мамырда № 28 орта мектеп оқушыларына Қауіпсіздік Кеңесі залында «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклы бойынша «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебесі және қару-жарағы» тақырыбында музейлік экскурсия сабағы өткізілді.
|
|
|
Резиденция кезінде бұл залда Жоғарғы Бас Қолбасшының төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары өткізілген. Қазіргі уақытта бұл жерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа мемлекет, үкімет басшылары мен қоғам өкілдері тарту еткен бірегей қарулар коллекциясы орналасқан.
|
|
|
Сабақ барысында ғылыми қызметкер С.Қ. Жақыпова оқушыларға суық және ату қаруының үлгілерін көрсетті, ер балаларды әскери өнерге баулу дәстүрі туралы баяндап, қазақ халқының дәстүрлі қару-жарағының этнографиясымен таныстырды. «Сандықтағы құпия: батырдың әскери қару-жарағы» ойыны балалардың ерекше қызығушылығын туғызды. Дәріскердің көмегімен оқушылар батырдың сауыт-сайманын киіп көріп, суық қарудың күші мен мәнін сезінуге мүмкіндік алды.
Тыңдаушылар назарына сабақ барысында музейлік экспонаттар, фото- және киноқұжаттар ұсынылды.