2017 жылы 15 ақпанда № 32 мектеп-гимназиясы мен № 36 орта мектебінің оқушыларына «Қазақстанның Олимпиада чемпиондары» дәрісі өткізілді.
|
|
|
Спорт – әрбір қазақстандықтың өмірінің ұзақтығы мен сапасын көтеретін, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды фактор. Сондықтан бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды насихаттау жалпыұлттық міндет болып табылады. Алматы қаласында XXVIII қысқы Бүкіләлемдік Универсиада өткізілгеннен кейін бұл тақырып ерекше өзекті.
Дәріскер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкері Кушунова Д.С. тыңдаушыларды олимпиялық қозғалыс тарихымен, елімізде өткен маңызды спорттық оқиғалармен, Қазақстандағы спортты насихаттау мен салауатты ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды рөлін атап көрсете отырып, Қазақстанның Олимпиада чемпиондарының табыстарымен, жеңістерімен таныстырды.
Дәріс барысында музей экспонаттары, фото- және киноқұжаттар оқушылар назарына ұсынылды.