2014 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің кезекті отырысы өтті

2014 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс жұмысына Педагогтар кеңесінің мүшелері, Астана қ. Білім басқармасының өкілдері және қала мектептерінен тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.  

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1.    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 2014 жылғы Білім беру бағдарламасының аясында жүргізілген жұмысы туралы есебі.
2.    Музей педагогикасы орталығының 2015 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
    Өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы педагогтар Кеңесінің төрайымы,  директордың орынбасары, т.ғ.к. Қайыпова Б.М. қатысушыларды Музей қабырғасында өткен шаралармен таныстыра отырып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен және Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Білім беру бағдарламасының аясында 2014 жылы музейлік сабақтар, шеберлік сыныптары, «Астанатану», «Елбасытану» факультативтік курстары, «Музей педагогикасы негіздері» оқу курсы, дебаттық турнир, балалар мерекесі өткізілді. Музей педагогикасы орталығының Лекторий кестесіне сәйкес «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың бастамалары», «Тарих және мәдениет», «Бала және мәдениет» жобалары бойынша дәрістер өткізілді.