2017 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің дәстүрлі отырысы өткізілді.
Күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылды:
1. 2016-2017 жылғы оқу жылындағы жұмыс нәтижелері туралы.
Баяндамашы: Қайыпова Б.М.
2. «Астана – Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны» тақырыбы бойынша музейлік-педагогикалық жұмыс түрлері» (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы музейінің жұмыс тәжірибесінен).
Баяндамашы: Мусина Н.Қ.
3. Педагогтар кеңесі мүшелері ғылыми-педагогикалық қызметінің нәтижелері.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің төрайымы, директордың орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қайыпова Б.М. алғы сөзінде ұстаздарды оқу жылының аяқталғанымен құттықтай отырып,
Астана қ. Білім беру басқармасымен бірлесіп 2016-2017 оқу жылында атқарған жұмыстың нәтижелерін қорытындылады.
Қайыпова Б.М. баяндамасында: «Елбасының Кітапханасы ғылыми-ағартушылық қызметінде Мемлекет басшысының білім беру және ғылым саласындағы бастамаларын жетекшілікке алатынын, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, азаматтықты және XXI ғасырдың зияткерлік элитасын қалыптастыру бойынша мемлекеттік білім беру-ағарту бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатынын атап өтті. Астана қ. Білім беру басқармасының келісімі бойынша жыл сайын барлық санаттағы оқу орындарымен ынтымақтаса отырып дәрістер, сабақтар, байқаулар, аттестациялық сабақтар, балалар мерекелерін, кездесулер, дебаттық турнирлер өткізеді. Осылайша, Ғылыми-білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында 01.01–07.06.2017 жыл аралығында 60 іс-шара өткізілді, қатысушылар саны 3 586 адам болды», - деп атап өтті.
|
|
|
Қалыптасқан дәстүр бойынша, тарих және қоғамдық пәндер мұғалімдеріне біліктілік санатын беру аттестациясы бойынша эксперименталды алаң аясында 2017 жылы 3 наурызда аттестациялық сабақтарды қорғау өткізілді. Музей педагогтарымен бірлесе келесі дәрістер дайындалды және өткізілді:
– «Ғасырлар куәсі – ЭКСПО көрмесі» – Құлбекова Н.К., Сарқұлова Ж.Ж. № 82 мектеп-лицейі мұғалімдері;
– «Елбасының «Ой бөлістім халқыммен» атты шығармасының ізімен» – Байкенжеев Е.Б. № 76 мектеп-лицейі мұғалімі;
– «ЭКСПО-2017: «Мәңгілік Ел құндылықтары» – Бекназарова Д.О. № 64 мектеп-лицейі мұғалімі.