2017 жылдың 28 сәуірінде Елбасының кітапханасы музейінде «Әлемді өзгертетін идеялар» /«Идеи, меняющие мир» атты оқушылардың ғылыми жобалары байқауының ақтық кезеңі мен жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Байқауды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі мен «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.
|
|
|
Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
– «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында қоғамдағы өзекті мәселелерді танып білуге және шешу жолдарына бағытталған оқушылардың ғылыми-зерттеушілік және оқу-танымдық қабілетін ынталандыру;
– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н. Ә. Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын кеңінен насихаттау және жүзеге асырудағы оқушылардың ғылыми жұмыстарының деңгейі мен негізгі үрдістерін зерттеу;
– мейілінше дарынды да талантты жас зерттеушілерді анықтау мен қолдау;
– Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімін аша отырып, әділ қазы төрайымы, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова: «Тұңғыш Президент кітапханасының музейі мен «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының көп жылдық серіктестігі аясында астаналық мектептердің 8–10 сыныбы оқушылары арасында «Әлемді өзгертетін идеялар» қалалық байқауы үшінші жыл өткізілуде. Байқау өткізу идеясы Елбасы кітапханасында 2014 жылы 30 қыркүйекте өткізілген дөңгелек үстел барысында туындаған болатын.
«Әлемді өзгертетін идеялар» әлеуметтік жобасының жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында екі күндік семинар-тренингтер циклі аясында өткізілсе, Кітапхана музейінде «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен бірге оқушылардың ғылыми жобаларының жыл сайынғы қалалық байқаулары өткізіліп келеді.
|
|
|
Өткен жылы байқау Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған болатын. Биылғы жылы байқау ЭКСПО-2017 көрмесіне арналды. Іріктеу турының қорытындысы бойынша ақтық кезеңге қазақ, орыс тілдерінде ұсынылған 31 ғылыми жоба өтті. Байқаудың негізгі тақырыптары – қазіргі жаһандану әлемі жағдайында аса маңызды болып отырған «жасыл экономика» жобалары. Ұсынылған жобалардың макеттері ерекше қызығушылық туғызады. Құрамына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, саяси ғылымдарының кандидаты Ғазизат Имақова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Жүсіпбек Сәлиқожа кірген әділ қазы мүшелеріне барлық ғылыми жобалар өте жоғары деңгейде дайындалғандықтан жеңімпаздарды анықтау қиын болды», – деп атап өтті.
Әділ қазылардың шешімі бойынша байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері гуманитарлық және политехникалық бағыттары бойынша анықталды.
Жобалардың көп бөлігі қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жоғары технологияларға арналған. Осы жұмыстардың ішінде келесі ғылыми жобалардың тақырыптарын: «ЭКСПО-2017 көрмесі: SMART киіз үй – жаңа ұлттық келбет», «Қазақстанда Жел энергетикасын дамыту», «Күн сәулесі арқылы жеміс-жидектерді кептіру», «ЭКСПО-2017 көрмесі: мәңгі жасыл жылыжайдағы күн энергиясы», «Құлап аққан судың энергиясымен жарықтанатын болашақтың үйі» және тағы басқа тақырыптарды атап өтуге болады.
Гуманитарлық бағыттағы жұмыстардың ішінде тәуелсіз мемлекет құндылықтарының нығаюына ықпал ететін адами капиталдың дамуына арналған келесі ғылыми жобаларды атап өтуге болады: «Мәңгілік Ел» идеясы және тарихи тұлға. Ұқсастықтар мен жаңалықтар», «Толеранттылықтың Қазақстандық үлгісі
Ғ. Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназиясы тәжірибесінде», «Н. Ә. Назарбаев шығармалары арқылы патриоттыққа тәрбиелеу», «Үш тұғырлы тіл идеясы: қазақ, орыс, ағылшын», «Астана қ. ономастикасының өзекті мәселелері» және т.б.
|
|
Жүлделі орындар ақтық кезеңге қатысушылар арасында келесідей болып бөлінді:
І дәрежелі дипломмен А. Верхозина, К. Красильников № 62 мектеп-лицейі; А. Жаксылык, А. Кульмаганбет № 36 орта мектебі марапатталды;
ІІ дәрежелі дипломмен Н. Ефименко, Р. Калмуратова № 36 орта мектебі; Б. Бухатов № 71 мектеп-лицейі; А. Куракбаев № 74 мектеп-гимназиясы; А. Матаева, А. Жумабек №82 «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі марапатталды;
ІІІ дәрежелі дипломмен А. Маканова №2 мектеп-гимназиясы; Т. Ли №5 мектеп-гимназиясы; Т. Капенова, К. Кадырбекова № 81 «Astana English Scool» мектеп-гимназиясы; П. Гой № 30 мектеп-гимназиясы; Ш. Оразбай, Ш. Есен № 52 мектеп-гимназиясы; В. Лобурец №84 мектеп-лицейі марапатталды.