2016 жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде оқушылардың «Әлемді өзгертетін идеялар» қалалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған конкурсты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.
|
|
|
Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
– «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында қоғамдағы өзекті мәселелерді танып білуге және шешу жолдарына бағытталған оқушылардың ғылыми-зерттеушілік және оқу-танымдық қызығушылығын ынталандыру;
– Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын кеңінен насихаттау және іске асыруға бағытталған оқушылардың ғылыми жұмыстарының деңгейі мен негізгі тенденцияларын зерттеу;
– дарынды және талантты жас зерттеушілерді анықтау мен қолдау;
– Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
Конкурстың І кезеңі 10 сәуірге дейін Астана қаласы білім беру мекемелерінде өткізілді. Сәуір айының 29 күні № 62 мектеп-лицейінде өткен конкурстың ақтық кезеңіне 36 жобамен 46 оқушы қатысып, өздерінің ғылыми жобаларын қорғады.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі негізінде жаратылыстану және гуманитарлық бағыттар бойынша анықталды.
|
|
|
Ғылыми жобалардың басым көпшілігі инновациялық технологиялар арқылы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған. Осы жұмыстардың ішінде келесі тақырыптардағы жұмыстарды атап өтуге болады: «Күн сәулесі арқылы жарықтандыру құрылғысы», «Ел экономикасының баламалы түрге – «Жасыл экономика» форматына ауқымды бетбұрысы», «Освещение ночной стороны земли», «Дыбыс – болашақ энергия» және т.б.
Гуманитарлық бағыттағы жұмыстардың ішінде қазылар алқасының ерекше назарына адами капиталдың және «Мәңгілік ел» идеясының дамуына, қазақстандықтардың ынтымақтастығы мен бірлігін нығайтуға арналған келесі ғылыми жұмыстар алынды: «Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулар», «Қазақстан халқы Ассамблеясы. Ұлттық бірлік», «Жастар үшін қазақстандық әлеуметтік желі».
|
|
|
І дәрежелі дипломмен:
- Орынбекова Әсел – № 15 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы;
- Әбубәкіров Асхат – № 82 «Дарын» кәсіптік лицейінің оқушысы.
ІІ дәрежелі дипломмен:
- Асылханов Нұрлан – № 82 «Дарын» кәсіптік лицейінің 10-сынып оқушысы;
- Теміртас Абзал, Нукенов Елжан – № 69 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары;
- Сейітмұрат Аида – № 52 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
- Әбуова Дәрия – № 65 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы;
- Кудабаева Әмина – № 73 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі дипломмен:
- Букатов Бекзат – № 71 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;
- Қалыбек Айдана, Алдаберген Ерасыл – № 72 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары;
- Тұрғанов Еркебұлан, Темірғалиева Лаура – № 82 «Дарын» кәсіптік лицейінің 10-сынып оқушылары;
- Ислямова Улжан, Исаков Каримжан – № 36 орта мектебінің 10-сынып оқушылары;
- Остапчук Вадим, Андреев Дмитрий – № 3 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары;
- Айткожин Ақсұлтан – № 3 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы;
- Бисембайұлы Мирас – № 73 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
- Бекайдар Байғали – №78 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы.
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі: Тәуелсіздік шежіресі» ғылыми жобасы үшін № 67 гимназияның 8-сынып оқушысы Сұраншиева Данаға Музей атынан естелік кітап ұсынылды.