«ЭКСПО жылнамасы»

2016 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында жалпы білім беретін және арнайы ұйымдардың жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері арасында «ЭКСПО жылнамасы» атты үздік бейнебаянға жарияланған республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.


 

Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ. Білім басқармасы, Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағы.

Жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері арасындағы республикалық байқаудың іріктеу кезеңіне 32 жұмыс ұсынылды, оның 21 – жалпы білім беретін мектептен, 11 – колледжден.

Байқау мұғалімнің қоғамдағы мәртебесін арттыруға ықпал етіп, кәсіби шеберлігі мен тұлғалық өсуіне ынталандырады. Жаңа фомацияның мұғалімі – мемлекетіміздің қозғаушы идеялары мен реформаларының трансляторы. Мұндай байқаулар Мемлекет басшысының экономика, саясат, Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу, қазақ халқының Қазақстандағы мемлекет құрушы ядросы ретіндегі этникалық табиғатының күші мен маңызды тарихи миссиясын бекіткен «Мәңгілік ел» –  жаңа ұлттық идеологиясы сынды жаңа бастамаларын уақытылы оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге ықпал етеді. 

«ЭКСПО тарихынан»

 

– І дәрежелі дипломмен № 32 мектеп-гимназиясының мұғалімі О.Ю. Михальченко марпатталды;

– ІІ дәрежелі дипломмен № 47 «Балабақша-мектеп-гимназия кешенінің» мұғалімдері С.А.Киселева, Н.В. Глущенко, Б.О. Кобжанова марапатталды;

– ІІІ дәрежелі дипломмен Гуманитарлық колледждің мұғалімі М.З. Мутайхан марапатталды.

 

«ЭКСПО – 2017 мүмкіндіктері: жетістіктері мен келешектері»

 

– І дәрежелі дипломмен № 19 орта мектептің мұғалімдері Т.П. Глухонец, О.С. Пеннер, П.Ф.Сарафанова марапатталды;

– ІІ дәрежелі дипломмен № 70 мектеп-лицейдің мұғалімдері Ж.Ш. Жекебаева, Ж.А. Оракбаева марапатталды;

– ІІІ дәрежелі дипломмен  № 48 мектеп-лицейдің мұғалімі Е.Н. Шетенова  марапатталды.

 

«Егемен Казахстан – ЭКСПО көрменің толық құқылы қатысушы»

 

– І дәрежелі дипломмен № 76 мектеп-лицейдің мұғалімдері Б.К. Мұқанова, К.Т. Данебекова, Д.Т.Қонақбай марапатталды;

– ІІ дәрежелі дипломмен Энергетика және байланыс колледжінің мұғалімі Сауленбекова Жұлдыз марапатталды;

– ІІІ дәрежелі дипломмен Политехникалық колледждің мұғалімі О. Тлеубаева марапатталды.

 

Байқаудың Бас жүлдесін № 66 мектеп-лицейінің мұғалімі Кымбат Рахат иеленді. 

Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан естелік кітаптар мен 30 000 теңгеден 10 000 теңгеге дейін сертификаттар табысталды.