2016 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған жалпы білім беретін мекемелердің қоғамдық пәндер мұғалімдерінің арасындағы «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат» атты қалалық байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ. Білім басқармасы, Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағы.
|
|
|
– оқыту мен тәрбиелеудің интерактивті педагогикалық технологиялары мен әдістерін анықтау;
– білім берудегі жаңашылдықты дамыту;
– жаңа, шынайы педагогикалық идеяларды іздеу;
– озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату.
|
|
|
Қатысушылар арасындағы жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Байқаудың Бас жүлдесін № 62 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Н.Б. Исасеитов иеленді.
– І дәрежелі дипломмен №17 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі А.Е. Салмакова марапатталды;
– ІІ дәрежелі дипломмен «Голубой парус» «Балабақша-гимназия кешенінің» тарих пәні мұғалімі Н.К. Сакауова марапатталды;
– III дәрежелі дипломмен № 31 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі О.А. Опанасенко марапатталды.