«Регата»

Қазақстан Республикасы азаматының бойында рухани-өнегелік тұлғаны дамыту елді жаңғыртудың ең басты факторларының бірі болып табылады. Заманауи инновациялық экономиканы адамсыз, оның ішкі жан дүниесінің рухани құндылықтарынан тыс қалыптастыру мүмкін емес. Бұл бағытта Музей әлеуметтік институт ретінде тұлғаның азаматтық ұстанымы, қажеттілік мотивациясы, өмірлік басымдықтары, өнегелік наным-сенімдері, моральдық нормалары мен рухани құндылықтарының қалыптасуына ықпал етеді.

       Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінің қызметі – коллекцияны жинақтау, сақтау, есепке алу ғана емес, көрмелер мен экспозициялардың сан алуандығы, ғылыми зерттеулер жүргізумен байланысты. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі – елдегі белгілі ағарту және ғылыми-зерттеу, мәдени-оқу орталықтарының бірі. Музей қоғамда өзінің әлеуметтік қызметін, өз аудиториясымен өзара қарым-қатынас жасауда ақпараттық мәртебесін қалыптастырды және елордадағы біртұтас тәрбиелеу мен оқу процестерінде басты нысанға айналды.
ҚР ТПМ білім бағдарламасын жүзеге асыру Елбасының стратегиялық таланты, болжағыштық қабілеті, мақсатқа жетудегі табандылығы арқылы елдің табыстарын және жас егемен мемлекеттің әлемдік саяси аренада мойындалуын көрсететін музейлік құралдар арқылы оқыту мен тәрбиелеудің интерактивтік, инновациялық әдістері мен тәсілдерін кең тұрғыда енгізуді көздейді. ҚР ТПМ және Астана қ. Білім басқармасының көпжылдық серіктестік қызметінің аясында Музейдің бастамасымен құрылған және Музей мен Педагогтар кеңесінің мүшелері, «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия» кешенінің тарих пәні ұстаздары Т.В. Маканова, Л.Э. Литвинованың шығармашылық тандеміндегі мектепаралық музейаралық регата жобасы табысты түрде жүзеге асып жатыр.
    «Регата» – Астана қ. білім мекемелері оқушыларының арнайы жоба бойынша «беймәлім аралдар» – 13 мұражайды аралау үшін ұйымдастырылған ұзақмерзімді серіктестік жобасы. Ойын-саяхаттың шарты бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі – бұл «аралдарды» біріктіретін «Архипелаг», өздерінің экспозициялық материалдары негізінде тақырыптық ойын «бағдарлары», экипаждар үшін конкурстық тапсырмалар дайындалған музейлік нысандар. «Регата» 7 адамнан тұратын топтық ойынға бағытталған. Жас ерекшелігі: 7-8 сыныптардың оқушылары.
    «Теңіз» саяхаты – ойынының мақсаты: оқушылардың Астана қ. мектептерінің музейлерін аралауға, қазақстандық қоғамның дамуына зор үлес қосқан атақты адамдардың туған жері, өмірі мен қызметі туралы ақпарат алуға мүмкіндік туғызу.
Міндеттері:
1. музейлік қор, мұрағаттық құжаттар арқылы оқушылардың тарихи ойлауын қалыптастыру;
2. қызмет орындарындағы музей жұмысының «жандануы» (мектеп музейлерінде);
3. оқушылардың шығармашылық бастауларын дамыту;
4. бос уақыт мәдениетіне дағдыландыру.
Басты міндеттер:
оқушылардың елдің жаңа тарихын игеруге қызығушылығын арттыруға және Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың егемен елдің қалыптасуы мен нығаюындағы тарихи рөлін сезіндіре білуге тәрбиелеу.
     Саяхат-ойын 2 кезеңде өтті. 1 кезеңнің бағдарламасы 2014 жылдың ақпан, наурыз, сәуір айларында 3 тақырыптық бағдар бойынша: «Особая кладовая», «Калейдоскоп культур», «И память, и подвиг, и слава» мектеп музейлерін аралауға бағытталды.
Ойынға қатысуға Астана қ. мектептерінен 16 өтініш келіп түсті. Саяхат барысында 1 кезеңде экипаж-конкурсанттар:
1.  3 бағдарда көрсетілген музейлер – «беймәлім аралдарды» аралады;
2. «арал» – музей сақтаушысы тапсырмаларды орындады (5 тапсырма, әрқайсысы 5 балмен бағаланады);
3. Вахтендік журналды дұрыс толтырды; 
4. музей сақтаушыларының конверттегі пазлдарынан «Архипелагта» сақталған жәдігердің пазл-макеті құрастырылды;
5. есепке қызықты саяхат туралы бейнетұсаукесер дайындалды;
6. 2014 жылдың 5 мамырына дейін уақытында «Архипелагқа» есеп құжатын тапсырды;

     Регатаның 1 кезеңінің жеңімпаздары «Архипелагқа» шақырылды, сақтаушылар финалистерге қызықты тапсырмалар дайындады: «Архипелагта» орналасқан нысандарды зерттеу, сөзжұмбақты шешу, логикалық тапсырмаларды дайындау, интеллектуалдық викториналардың сауалдарына жауап беру.