«Астана – арман қала» музейлік балалар мерекесі өткізілді

2014 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде елорда күні қарсаңында қаланың ең кішкентай азаматтары үшін «Астана – арман қала» музейлік балалар мерекесі өткізілді.

     Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі ашылған күннен бастап елорданың мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен жемісті түрде әріптестік негізде жұмыс жасап келеді. Музейдің білім беру бағдарламасының осы санаттағы қатысушылары үшін балаларды мәдениетке қатыстыруға, өз халқының рухани құндылықтарымен таныстыруға, мәдени салт-дәстүрдің  жандануына негізделген «Бала және мәдениет» жобасы жұмыс істейді. Балалардың өздерін шығармашылық жағынан көрсету түрінің бірі – балалар мерекесі. Бұл бүлдіршіндердің бойында әзіл-сықақты, ақыл оралымдылығын, тапқырлығын дамытады. Балалар мерекеге зор жауапкершілікпен дайындалды. Балалар өздерін әртістік қырлары жағынан да көрсетті. Себебі бірде бір мереке театрландырылған қойылымсыз, өлеңсіз, бисіз өткізілмейді. Осының нәтижесінде балада сөздік қор қалыптасады, сөйлеу мәдениеті дамиды, балалар арасында шығармашыл ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
     Ағымдағы жылы елорданы туған күнімен № 4 «Аружан» бөбектер бақшасының тәрбиеленушілері құттықтады. Біздің елордамыз Астананың тарих беттері бойынша қызықты саяхатқа негізделген балалардың орындауындағы композицияларды іс-шара қонақтары – қаланың мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жетекшілері, ата-аналар жылы қабылдады. Балалар көрермендерге Қазақстанның елордасы – Астана туралы жазылған өлеңдер арқылы балалық шақтың ғажайып әлемін, туған жердің сұлулығын жеткізді.
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде өткізілген мерекеден естелік ретінде ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар мен кәдесыйлар табыс етілді.
Мереке Астана аспанына әуе шарларын ұшырумен аяқталды.