2013 жылдың 30 тамызында республикамыз тарихтағы ең маңызды оқиға, егемен Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік даму іргетасы болып табылатын тарихи маңызы зор құжат, мемлекеттің Негізгі Заңының 18 жылдығын атап өтті. Болашақ бірінші сынып оқушылары – Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтары Конституцияда көрсетілген өздерінің құқықтары мен бостандықтары туралы мәлімет алды.
Балалар үшін мереке 40 минуттық сабақ түрінде өткізілді, тек оқушылар математика мен әдебиет орнына Білім әлеміне таңғажайып саяхатқа аттанды, Негізгі Заңның қалыптасу тарихымен, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Конституция жобасын жасаудағы рөлі туралы ақпараттармен танысты. Музей әлеміне саяхатта балалар Отанымыздың тәуелсіздік тарихының жарқын беттерімен танысуға мүмкіндік алды.
Конституция күніне орай балалардың орындауында мереке қонақтары вокалдық-хореографиялық композицияны тамашалады.Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейіндегі алғашқы сабақтан естелік ретінде оқушыларға ұйымдастырушылардан сыйлықтар мен кәдесыйлар тапсырылды.