2013 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Білім күні қарсаңында Конституция күніне арналған «Білім әлеміне саяхат» мерекелік сабағы өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты қоғамдық бірлестігі. Білім күнін елордада алғашқы болып Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бірінші сыныпқа баратын оқушылары мерекеледі.