2013 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Орталық филиалы және Астана қ. Білім басқармасының қолдауымен ұлттық валютаның 20 жылдығына арналған «Ұлттық валюта – мемлекеттіліктің нышандарының бірі» үздік эссе қалалық конкурсының қатысушыларын марапаттау рәсімі өткізілді.
Конкурс оқушылардың Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен нығаю тарихына қызығушылығының жоғарылығын анықтауға, олардың шығармашылық әлеуеті мен қоғамдық белсенділігін дамытуға бағытталған.
2013 жылдың 7 және 10 қарашасы аралығында конкурстық комиссия үздік жұмыстарға іріктеу жүргізді. Сараптамалық комиссия төрайымы – Музей директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова және мүшелері – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Орталық филиалының директоры М.Х. Сейфуллин, Астана қ. Білім басқармасының әдіскерлері Д.Қ. Әмірғалиева, Қ.Қ. Адинаева, жауапты Музей қызметкерлері Г.Б. Карагизова, Р.Ұ. Қазбекова, Н.Қ. Мусина, Ә.Ә. Оспанова, Д.С. Кушуноваға қиын әрі жауапты жұмысты жүзеге асыру міндеті қойылды.
2013 жылдың 1 қазаны мен 7 қарашасы аралығында Астана қ. жалпы білім беру мекемелерінен конкурсқа 112 эссе ұсынылды. Конкурстық комиссияның шешімімен Ереженің критерийлеріне сәйкес конкурсқа 91 эссе таңдап алынды. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оқу бағыттары бойынша 6 номинация мен 3 жүлделі орын бөлінді.
I. Конкурсқа белсенді қатысқандары үшін Алғыс хаттар табыс етілді:
1. № 50 мектеп-лицейінің директоры Сексенова Әлия Серғазықызына (15 жұмыс жіберілді);
2. № 15 мектеп-лицейінің директоры Жаркенов Бауыржан Қапарұлына (11 жұмыс жіберілді).
II. Дипломдар мен естелік сыйлықтар келесідей номинациялар бойынша табыс етілді:
1. «Баяндау шынайылығы үшін» – № 44 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жұбанышева Аяжанға;
– «За оригинальность изложения» – № 53 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Жаркынай Әділханға;
2. «Еркін азаматтық көзқарасы үшін» – № 65 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Ілиясова Гүлімге;
– «Активная гражданская позиция» – «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 8 сынып оқушысы Қожаханов Талапқа;
3. «Зерттеушілік қабілеті үшін» – № 67 гимназияның 9 сынып оқушысы Қуандықова Жанайымға;
– «Научный подход в освещении темы» – № 28 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Савицкая Нинаға;
4. «Жас зерттеуші» – № 14 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Усабекова Мадинаға;
5. «Тарихқа құрмет білдіргені үшін» – «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия» кешенінің 8 сынып оқушысы Болгова Янаға;
– «За уважительное отношение к истории» – № 66 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Бахтиярқызы Жәмилаға;
6. «Батылдығы үшін» – № 2 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы № 2 Матиенко Аннаға.
ІІІ. Жеңімпаздар таңдалып, естелік сыйлықтар мен Дипломдар табыс етілді:
мемлекеттік тілде оқытатын білім беру мекемелері арасында:
– І дәрежелі Диплом – № 55 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қадырбекова Нұрсұлу;
– ІІ дәрежелі Диплом – № 62 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Нұрсұлтан Назым;
– ІІІ дәрежелі Диплом – № 2 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Жұмабаева Мадина.
орыс тілінде оқытатын білім беру мекемелері арасында:
– І дәрежелі Диплом – «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия» кешенінің 9 сынып оқушысы Панфиленко Татьяна;
– ІІ дәрежелі Диплом – № 60 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Магауова Айғаным;
– ІІІ дәрежелі Диплом – № 1 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Горин Владислав.
Жеңімпаздар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре отырып, барлық қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтады.