2013 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ұраным!» қалалық байқауының финалы өткізілді.
Байқауды өткізудің негізгі мақсаты – мемлекеттің егемендігінің қалыптасуының негізгі кезеңдерін және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін зерттеу мен жүйелеу.
Финалға Астана қ. мектептері тарих пәні ұстаздарының келесідей көріністері өтті:
– Ж.К. Жұмаділова –№ 56 мектеп-лицейі;
– Л.Р. Байкушикова, Б.О. Махметова –№ 67 гимназия;
– Ж.Е. Байтажикова, Б.К. Нұртазина –№ 66 мектеп-лицейі.
Мектеп оқушылары өз педагогтарымен бірге театрландырылған көріністер арқылы Қазақ хандығы кезеңіндегі XV–XIII ғғ. оқиғалардан бастап, кеңес мемлекетінің қалыптасу жүйесі, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайында Қазақстан тарихынан сыр шертетін оқиғаларды көрсетті. Театрландырылған көріністердің шарықтауы тәуелсіздіктің жариялануы және жаңа елорда –Астана қ. қалыптасу тарихы болды. Үш көрініс те біртұтас композициямен құрылып, конкурс қатысушылары – елордалық ұстаздардың музей педагогикасы саласындағы әдістемелік жұмысының дағдысын және өз қызметінде музейлік-педагогикалық тәсілдерді қолдану ерекшелігін көрсетті.
Байқау мұражай мен мектеп арасындағы әріптестіктің жетекші технологияларын анықтау мен жетілдіруге көмектесті, мұражайлық білім саласында инновациялық тәжірибе алмасуға, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бірегей қорын насихаттауға мүмкіндік берді.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.