Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуге «Ғасырдан ғасырға» қалалық интеллектуалдық конкурсы өтті

    2011 жылдың 10 ақпанында Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуге «Ғасырдан ғасырға» қалалық интеллектуалдық конкурсы өтті. Бұл Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен «Астана Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» МКҚК-нің серіктестік жобасы.

      Шараның мақсаты: өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, отан тарихы мен мәдениетіне деген құрметке тәрбиелеу.

     70 мектеп-қатысушыларының ішінен іріктеу кезеңдерінің 9 жеңіпаз-командасы Музей қабырғасында жарысты жалғастырды. Финал ІІІ кезең бойынша өтті:
      І кезең - «Презентация»;
      ІІ кезең - «Сіз білесіз бе?»;
      ІІІ кезең - «Капитандар конкурсы» (блиц-турнир).

      Интеллектуалдық жарыс оқушылардың жас тәуелсіз мемлекеттің жүріп өткен тарихи жолдарын саралауға, Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы мен нық тұруына жоғары қызығушылығын арттыруға, қоғамдық белсенділігі және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.
     «Ғасырдан – ғасырға» конкурсы оқушылардың ел тарихын терең білетіндіктерін көрсетті. Балалар өте шешен сөйледі. Жас әртістердің тарихи тұлғалар: Сұлтан Бейбарыс, Бұқар жырау, Тәуке хан, Ыбырай Алтынсарин, Сәкен Сейфуллин, Мұстафа Шоқай және т.б. қызметі туралы көрсеткен театрлық қойылымдары көрерменнің зор қызығушылығын туғызды.
    Кокурсқа қатысушыларды құрамында ғалымдар, Астана қаласының мәслихат өкілдері, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау бойынша мемлекеттік инспекция, К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, астаналық №2 өнер мектебінің мамандары бар білікті әділқазылар бағалады.

      Конкурс қорытындысы бойынша Гран-приді №64 орта мектеп командасы, бірінші орынды - №17 мектеп-гимназиясының командасы, екінші орынды - №54 мектеп-лицейінің командасы және үшінші орынды №48 мектеп-лицейінің командасы жеңіп алды. Конкурс жеңіпаздары мен жүлдегерлеріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейінің атынан дипломдар мен ескерткіш кітаптар, «Астана Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» МКҚК-ні серіктестердің атынан құнды сыйлықтар табыс етілді. Конкурсқа қатысушылар ұйымдастырушыларға осындай шараларды жыл сайын өткізсе деген тілектерін айтты.