2011 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде волонтерлік жобалардың жеңімпаздарын сыйақымен және грантпен марапаттау салтанаты өтті. Волонтерлік жобалардың байқауын АҚШ Елшілігі, «Назарбаев интеллектуалдық мектептері», «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырды. Байқауға Қазақстан Республикасының бүкіл өңірінен келген оқушылар қатысты.
|
|
|
Байқаудың мақсаты оқушылар арасында волонтерлік қабілеттердің дамуын қалыптастыру және қоғамдағы жұмыстардың игі істеріне баулу болып табылады. Тоғызыншы сыныптың оқушылары қоғамдық жұмыстардың жобаларын өңдеп, бұл жұмыстарды өз қалаларында жүзеге асырмақшы.
Жеңімпаз атанған топтарға сыйақыны АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей мырза табыс етті.
|
|
|
Қазіргі таңдағы жастардың көзқарастары сауық құру тұрғысында еместігін байқауға болады, яғни жас буын өкілдері туған қаласындағы өмірдің жақсаруын, мұқтаж жандарға жәрдем көрсету, өнегелік құндылықтардың жаңғыруы секілді міндеттерді қоя білген. Оқушылардың жұмыстарына берілген марапат олардың қоғам мойындаған ынталарының нәтижесі. АҚШ елшілігінен жобаларды жүзеге асыру үшін 500 доллар көлемінде бөлінген ақшалай гранттары осы ынталы жұмыстың қорытындысы екендігін аңғаруға болады.
Балалар аудиториясымен жұмыс жасау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Музей балалардың үздік түрде білім алуы жолында үкіметтік емес ұйымдармен, мемлекеттік құрылымдармен, «балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орны» секілді білім мекемелерімен серіктестік негізінде қарым-қатынас жасайды.
|
|
|
Байқаудың жеңімпаздары құрметіне ұйымдастырушылар тарапынан қызықты концерттік бағдарлама әзірленді, қонақтар балалардың музыкалық ұжымдары мен жас орындаушылар республикалық байқауы лауреаттарының өнерлерін тамашалады.





