2010 жылдың 2 шілдесінде Музей және Астана қаласының №19 «Балбөбек» бала бақшасының педагогтары мен тәрбиеленушілерімен бірлесіп ұйымдастырған «Жайнай берсін, Астанам!» атты балалар мерекесі өтті.
|
|
|
Астана күніне арналған және Музейдің Білім бағдарламасының аясында өткізілетін балалар мерекесі Музейде игі дәстүрге айналған. Мұнда, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бұрынғы резиденциясының қабырғасында Астананың жас тұрғындары мерекелік жағдайда туған қалаларының тарихымен танысады.
Балалардың Астана күніне арнаған өлеңдері мен тақпақтарын Білім басқармасының өкілдері, қала мектептері мен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының педагогикалық ұжымы, ата-аналар қошеметпен қарсы алды.
|
|
|
Бақытын іздеген қыз туралы балалардың сахналық қойылымы Білім бағдарламасына қатысушылардың риясыз қызығушылығын туғызды. Тамашалаушылардың көз алдынан Астананың кө тартар ғимараттарын, мәдениет ескерткіштерін, шағын мүсіндерді, су бұрқақтары мен саябақтарды өткізді.
Бала бақшаның тәрбиеленушілері орындаған хореографиялық композициялар қайталанбас сәнімен мерекені тартымды етті, әсіресе грузиндік бишілер мейрамға екпінді қарқын берсе, келесі шыққан қазақ батырлары өз нөмірлерінде шеберліктерін көрсетті, ал «Көңілді веловипедші» нөмірімен таныстырған кішкентай цирк бишілері мен «Гүлдер» биі көрерменнің көңілін серпілтіп тастады.
|
|
|
Шара барысында Музейдің қорынан бірегей фотоқұжаттар мен бейнетаспадан үзінді көрсетіліп, балалар Астананың сәулеттік бейнесінің құрылу тарихымен танысты.
Мерекенің аяғында барлық балаларға естелік ретінде сыйлықтар тарту етілді.





