«Біз мектепке барамыз!» атты мерекелік іс-шара өтті

 2010 жылдың 24 тамызында Білім күні қарсаңында 1-сыныпқа баратын мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін «Біз мектепке барамыз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл кездесу астаналық «Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірге ұйымдастырылып өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде ерекше балаларға арналған балалар мерекесін өткізу жақсы дәстүрге айналып отыр. Мұндай шаралардың әлеуметтік бағдарламалары балалардың осы санатын түсінетін және қолдайтын қоғамның маңызды көрсеткіші болып табылады.
Ұйымдастырушылардың тарапынан қатысушылардың көңілін көтеретін танымдық ойын-сауық бағдарлама әзірленді, Іс-шараға қатысушы барлық балаларға ұсынылған түрлі сыйлықтар шын мәнінде мерекелік сыйлық болды.