2007 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде астанада өткен «Туған жерім – 2007» сурет конкурсының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау және олардың жұмыстары бойынша ұйымдастырылған көрменің ашылу рәсімі өтті. 2005 жылдан бері конкурс қорытындысын жариялау салтанаты Музей қабырғасында өтіп келеді.
Конкурстың ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ. Білім департаменті, «Байта» Қазақстанның мәдени мұрасы мен шығармашылық бастамаларға қолдау көрсету қайырымдылық қоры және Астана қ. Білім департаменті Балалар көркемөнер мектебі.
«Туған жерім – 2007» сурет конкурсы мынадай тақырыптарды қамтиды:
• «Жас астана 10 жаста»;
• «Менің қаламның өткені, бүгіні және келешегі»;
• «Қазақстан халықтарының аңыздары мен ертегілері».
Конкурсқа Қазақстанның әр өңіріндегі балалар көркемөнер мектептерінің, лицейлердің, студиялардың оқушылары - 6 жастан 16 жасқа дейінгі аралықтағы жас суретшілер қатысты.
Жас суретшілер өз жұмыстарында сүйікті қалалары – мемлекетіміздің жас астанасының тарихын, Қазақстан халықтарының аңыздары мен ертегілерінің мазмұнын, кейіпкерлерін жарқын бейнелеген, олар әділ қазылар алқасын таңдаған тақырыптары мен сюжеттерінің әр алуандығымен, өмірді шынайы қабылдауымен таңдандырды.
|
|
|
|


