Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының экспозициялық-көрмелік қызметі (бұдан әрі – Кітапхана) бірыңғай музейлік-туристік кешенді құрайтын «Назарбаев орталығы» (Ә.Бөкейхан, 1) және Кітапхана (Ә. Бөкейхан көшесі, 1а) ғимараттарында жүзеге асырылады.
«Назарбаев орталығы» ғимаратына кіре отырып, келуші Норман Фостердің туындылары – бірегей сәулет нысанының атмосферасына енеді.
Орталықтың бірінші, екінші және үшінші қабаттарында орналасқан экспозициялық кеңістіктерде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін бейнелейтін кітап, архивтік және музейлік материалдар ұсынылған.
2020 жылдың қыркүйегінде Кітапхана алғашқы келушілерді А.Бөкейхан көшесі, 1а мекен-жайы бойынша орналасқан жаңа ғимаратта қабылдады. Музей кеңістігі жеті тақырыптық экспозициялық аумақтан тұрады, онда классикалық музей және заманауи мультимедиялық технологиялар біріктірілген: қондырғылар, 3D форматындағы голографиялық композициялар, электрондық карталар, мэппинг-шоу, touch-мониторлар, медиа-үстелдер және басқалар.
Екі ғимаратта да өз қорларынан, сондай-ақ әріптестік жобалар аясында уақытша тақырыптық көрмелер өткізіледі.
Барлық келушілер белгіленген жұмыс кестесіне және қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес (аптаның дүйсенбіден басқа күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз, тегін) экспозициялар мен уақытша көрмелерге кедергісіз кіре алады.