«БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

27.05.2021

Елбасы кітапханасында 2015 жылдың қазан айынан бастап «Ұлт жоспары: «100 нақты қадам» тақырыбында екі күндік семинар-тренингтер ұйымдастыру бойынша жоба сәтті жүзеге асырылып келеді.

2017 жылы семинар тақырыбына тарихи, саяси, экономикалық және идеологиялық өлшемдерде талданған Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы арқау болды.

2018 жылы cеминар Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту»  мақаласының аясында өкізілді.

2019 жылы семинар өзінің «Болашаққа жол өзіңнен басталады» / «Путь в будущее начинается с каждого» атты қазіргі атауын алды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен  тұрмыс сапасын арттыру» жолдаулары, «Болашаққа көзқарас: қоғамдық  сананы жаңғырту» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары сынды бағдарламалық құжаттарға, сонымен қатар Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына негізделуі семинар-тренингтің ерекшелігі болып табылады. Семинар-тренингтердің тақырыбы қоғамдық-саяси күн тәртібіне сәйкес жыл сайын жаңартылып отырады. Бүгінгі таңда аталған жобаға 10 000-нан аса тыңдаушы қатысты.

2020 жылдан бастап, елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты екі күндік семинар-тренингтер онлайн режимінде өткізілетін екі күндік вебинарларға ауыстырылды. Семинарларда тек теориялық материалға ғана назар аударылып қоймай, сонымен қатар, сыни және жобалық ойлауды дамытуға, көшбасшылық қасиеттерге, топтық жұмысқа, сондай-ақ әртүрлі жаттығуларды орындау арқылы дәріс материалын бекітуге бағытталған тренингтер өткізіледі.

Вебинар сертификатталған, сонымен қатар «Ең қызықты жоба» және «Семинар-тренингке белсенді қатысқаны үшін» алғыс хаттарын табыстау тәжірибесі енгізілген. Бұл курс тыңдаушыларын ынталандыра түседі.

Семинар-тренингтерге қатысушылар көптеген оң пікірлер қалдырады, солардың бірі: «Болашаққа жол өзіңнен басталады» вебинарына қатысып, мен үлкен тәжірибе алып, жағымды эмоцияға бөлендім, сонымен қатар қазақ мәдениеті, оның елдің жаңғыруы мен дамуындағы маңызы туралы жаңа білімдер игердім. Оның үстіне Тұңғыш Президент кітапханасының оқытушы-профессорлары өткізген дәрістер мен тренингтер маған Елбасының өмір жолы туралы көптеген жаңа мәліметтер білуге мүмкіндік берді. Кітапхана әкімшілігіне және оқытушы-профессорлар құрамына осындай іс-шараларға қатысу арқылы барлық студенттерге даму мүмкіндігінің қолжетімді болғаны үшін үлкен ризашылығымды білдіремін».