Бағалы металдар мен бағалы тастар бұйымдары топтамасы келесі тақырыптық кешендерден тұрады:
1) кәдесыйлар мен композициялар: үстелге арналған әшекейлер, панно, макеттер және үлгілер, кәдесыйлық жинақтар, мүсіндер және мүсіншелер, кеңістік карталары, діни сипаттағы кәдесыйлар;
2) зергерлік бұйымдар: скипетрлер және асатаяқтар, әйелдер әшекейі, әйелдер мен ерлердің белдіктері, ат жабдықтарының заттары;
3) декоративті ыдыс-аяқтар: ас үй ыдыс-аяғы, көркемдік ыдыс-аяқ, панно-тарели, діни қызметтегі ыдыс-аяқ;
4) тұрмыс заттары: сағаттар, жазу құралдары, киім бөлшегі, қобдиша;
5) нумизматика: монеталар, үстел медальдары, фалеристика, филателия.
ТПМ 192. Жинақ. 900 сынамалы күміс. Құю, қалыптау, шекіме, алтындату. Түркия Премьер-министрінің орынбасары Д.Бахчелиден. 19.03.2002 ж.
ТПМ 703. Модель. «Кобуксон кемесі». 925 сынамалы күміс, жібек жіп. Құю. Корея Республикасының коммерция, индустрия және энергетика министрі Шин Кук Хваннан. 07.11.2002 ж.
ТПМ 975. Кәдесый. «Бәйтерек». 585, 999 сынамалы алтын, 925 сынамалы күміс, яшма. Қалыптау. Қазақстан тұрғындарынан. 2005 ж.
ТПМ 1431. Ваза. 925 сынамалы күміс. Нақыштау, құю, қалыптау. Өзбекстан Президенті И.Каримовтан. 06.07.2005 ж.
ТПМ 2376. Кәдесый. Қазақстан Республикасының картасы. Металл, әйнек. Қол жұмысы. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінен. 18.10.2007 ж.
ТПМ 2414. Макет. «Астана жұлдызы». Металл, тас. Қол жұмысы: ұсақ пластика. Астана қаласының әкімдігінен.
ТПМ 3086. Модель. «Паровоз». Сутас, агат, күміс, гауһар, алтындау, жылан тас. Қол жұмысы. Ресей Федерациясының делегациясынан. 06.07.2010 ж.
ТПМ 3091. Мүсін. «Салт атты». 750 сынамалы алтын, күміс, бағалы тастар. Қол жұмысы: ұсақ пластика. Қазақстан Республикасы Халық банкі басшыларынан. 04.07.2010 ж.
ТПМ 3352. Кәдесый. «Адам баласын асыраушы көкбөрі». 925 сынамалы күміс, алтын жалату. Қол жұмысы: құю. Шахристан фрескасынан композиция: адамның екі баласын емізіп тұрған көкбөрі суреттелген. Тәжікстан Президенті Э. Рахмоннан. 03.09.2011ж.
ТПМ 4079. Кәдесый. «Ел бірлігі». 925 сынамалы күміс. Алтындау. Қазақстан халқы Ассамблеясынан. ҚР Президенті қасындағы РММ «Қоғамдық келісім». 23.04.2015 ж.
ТПМ 4207. Ителгі мүсіні. Күміс, малахит. Нақыштау, құю, әшекейлеу. Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі Адель аль-Джубейрдан. 27.04.2016 ж.
ТПЕК 4426. Кәдесый. Шал мен жапалақ мүсіндері. Бағалы тастар, металл, табиғи тас. Алтындау. «Диаконт» ЖАҚ-ның бас директорынан. Санкт- Петербург қ., Ресей Федерациясы. 25.12.2016 ж.
ТПЕК 4520. Самаурын. 875 сынамалы күміс. Нақыштау, қалыптау, шекіме. «Кубачинский комбинат» ААҚ-ның өнімі. Татарстан Республикасының Президенті Р. Миннихановтан. 12.06.2017 ж.