Арнайы жобалар қызметі

Қызмет стратегиялық құжаттарды, мемлекеттік бағдарламаларды, кітапхананың жарғылық мақсаттарын түсіндіруге және ілгерілетуге, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм, бірегейлік пен бірлік рухында тәрбиелеуге, азаматтық қоғамды қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар, ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастырумен және өткізумен айналысады. Қызмет жұмысы Елбасының серіктестерін, қоғамдық пікір көшбасшыларын, ардагерлер ұйымдарын және т.б. тарта отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мұрасын, еңбектерін көпшілікке таратуды көздейді.

Қызмет басшысы – Ерсұлтан Өтеғұлұлы БЕКТҰРҒАНОВ

Тел.:+7 (7172) 69 30 89


Сектор Елбасы кітапханасының қордағы жинағын, атап айтқанда, жеке кітапхана, жеке архив және музей қорын зерделеу негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы; ғылыми-іздестіру жұмысы; ғылым, білім беру мекемелерімен, мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізумен айналысады.