Халықаралық қатынастар қызметі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының халықаралық байланыстар қызметі халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша басымды бағыттарды анықтайды және әзірлейді, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы идеялары мен бастамаларын ілерілету мақсатында еліміз бен шет елдерде ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының халықаралық байланыстар қызметі мемлекеттік органдармен, қазақстандық және шетелдік зерттеу орталықтарымен, ғылыми институттармен және мәдени орталықтармен ынтымақтастықты жүзеге асырады, бұқаралық ақпарат құралдарында (оның ішінде әлеуметтік желілерде) Елбасының саяси бастамаларының мәнмәтініндегі саяси, экономикалық және қоғамдық дамудың көкейтесті мәселелері бойынша сараптамалық шолуды, сұхбатты, баяндамалар мен жарияланымдарды ұйымдастырады.

Қызмет басшысы – Жансая Рифильевна ЖАБИНА

Тел: +7 (7172) 69 30 20